Сіз қазір қарап жатырсыз АҚПАРАТ КҮНІ

АҚПАРАТ КҮНІ

Ғылым  күніне орай ұйымдастырылып отырған университет оқытушыларының еңбектері мен кітапхана қорына жаңа түскен әдебиеттерді насихаттау апталығы инженерлі-технологиялық институты, №5 оқу ғимаратында жалғасты.

Кітапхана қоры тау-кен металлургия, геология, құрылыс және басқа да өндірістік  салаларды қамтитын жаңа кітаптармен толығып, көрмеге соңғы жылдары түскен оқулықтар, ғылыми басылымдар, университет профессор-оқытушыларының еңбектері қойылды.

Көрмеде білім алушыларға, оқытушыларға кітап оқу, қазіргі электронды кітапхананың мүмкіндіктері туралы ақпараттар берілді.