Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ғылыми кітапханасы

Кітапханалық бірлестіктер мен қауымдастықтар

Қазақстан Республикасының кітапханалар қауымдастығы

https://www.facebook.com/biblassrk/

Қазақстан Республикасының Кітапханалар қауымдастығы, ҚРКҚ – қоғамдық бірлестік, Қазақстан Республикасындағы 1-ші кітапханалық, коммерциялық емес, үкіметтік емес қоғамдық ұйым.

Қазақстан Республикасының Кітапханалар қауымдастығы 1996 жылы құрылып, 1997 жылы тіркелген. Кітапханалық және басқа да кітапханалық қауымдастықтарды, ақпараттық, ғылыми және басқа  мекемелерді (институттарды) біріктіреді. ҚРКҚ бастамасымен: Алматы қаласының кітапханалар күні – 15 қазан (қазақстан кітапханашыларының бірінші съезінің ашылу күні) болып белгіленді.

Ұлттық Мемлекеттік кітап палатасы

https://www.facebook.com/Қазақстан-Республикасы-Ұлттық-мемлекеттік-Кітап-палатасы

Қазақ КСР Мемлекеттік Кітап палатасы 1937 жылғы 19 шілдедегі Казақ КСР Орталық Атқару Комитеті мен Қазақ КСР ХКК-ның «Қазақ КСР Мемлекеттік Кітап палатасының құрулу туралы» бірлескен Қаулысына сәйкес ұйымдастырылды.  Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 6 сәуіріндегі 1993 жылғы № 270 Қаулысында Кітап палатасына ұлттық ұйым мәртебесі беріліп, Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы деп аталды.  

Халықаралық кітапханалық ассоциациялар менмекемелер федерациясы (ИФЛА) (International Federation of Library Associations and Institutions).

http://www.ifla.org

Кітапханалар мен ақпараттық қызметтердің және олардың пайдаланушыларының мүддесін білдіретін жетекші үкіметтік емес халықаралық ұйым.

IFLA – бүкіләлемдік кітапханалық қауымдастық халықаралық маңызы бар мәселелерді қарау үшін кездесетін ұйым.

IFLA 1927 жылы Эдинбургте (Шотландия) құрылды, ал ресми ұйым ретінде 1971 ж. Нидерландыда Жарғы қабылданғаннан кейін тіркелді. IFLA штаб-пәтері әрдайым Гаагадағы Нидерландының Корольдік кітапханасында орналасқан.

IFLA-ның негізгі мақсаттары: кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуді жоғары деңгейде қамтамасыз ету мен жеткізуді қолдау; жеке, мемлекеттік және қоғамдық секторларда жоғары сапалы кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетудің маңыздылығы мен құндылығын түсінуін таратуға жәрдемдесу; бүкіл әлемге өз мүшелерінің мүдделерін ұсыну.

Еуразия Кітапханалары ассамблеясы (ЕКА)

http://bae.rsl.ru/

Коммерциялық емес серіктестік «Еуразия Кітапханалары ассамблеясы», бұдан әрі «Серіктестік»  деп аталатын, коммерциялық емес ұйымның мүшелігінде негізделіп құрылған оның мүшелерінің нағыз Жарғыда көзделген мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған қызметтерді бірігіп жүзеге асыруда жәрдемдесуге арналған заңды тұлғалар құрған ұйым.

Серіктестік  қызметінің мақсаттары:

ЕКА мүшелерінің күш-жігерін шоғырландыру, бірінші кезекте ұлттық кітапхана ісінде жалпы кітапханалық-ақпараттық кеңістікті, ұлттық-мәдени игілікті сақтау және дамыту, кітапхана қорын, оның ішінде электрондық деректер қоры мен электронды кітапханалар және каталогтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, сонымен қатар мәдениеттерді өзара байыту, кітапханаларды, кітапхана қызметкерлерін, қоғамдық бірлестіктерді әлеуметтік қорғау және қолдау, ТМД-дағы кітапханалық-ақпараттық қызметтің дамуына жәрдемдесу.

Ресей кітапханалар қауымдастығы(РБА)

http://www.rba.ru

1994 ж құрылған.

Қауымдастықтың мақсаты:

Күш-жігерін біріктіру, Ресейдегі кітапхана ісін сақтау және дамыту мүддесінде кітапхана, кітапханалар мен мектептер қауымдастығы қызметтерін қолдау және үйлестіру, ресей кітапханалық қауымдастықтың мүддесін  білдіру және қорғау, кітапханалардың беделін арттыру және кітапхана мамандығының әлеуметтік мәртебесін көтеру.

Ұлттық кітапханалық-ақпараттық орталығы ЛИБНЕТ

http://www.nilc.ru/

«Орталық» Ресейдің екі ұлттық кітапханалары арқылы  құрылды: 2001 жылы наурыз айында Ресей мемлекеттік кітапханасы және Ресей ұлттық кітапханасы. Оның мақсаты қазіргі заманғы технологиялар негізінде электрондық ресурстарды пайдалану, алмасу және құру саласында ресей кітапханалар ынтымақтастығы жобаларын жүзеге асыру болып табылады.

Автономды коммерциялық емес ұйым ретінде Орталықтың ресми тіркелүі 2001 жылы 11 сәуірде болды.  Орталық мәдениет және кинематография Федералдық агенттігінің қолдауында.

Орталықтың Міндеттері:

ақпараттандыру саласындағы ұлттық кітапхана саясатын жүзеге асыруға жәрдемдесу; RUSMARC ұлттық форматтарын және каталогтау ережесін, библиографиялық қызмет көрсетуді, машина оқитын каталогты енгізудегі  кітапханалар ынтымақтастығын, ұйымдастыру; Ресей кітапханаларының «еркін» каталогын құрастыру; маңызды файлдарды құрастыру; жарияланым алдында (СІР) каталогтау технологиясын ұйымдастыруға жәрдемдесу; ақпараттық технологиялар саласында ақпараттық-кітапханалық қызметкерлерді  даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыруға қатысу;    кітапханалар ынтымақтастығы мәселелері бойынша  мәжілістер мен семинарларды жүргізу; ең маңызды ақпараттық қорларға қолжетімділікті қамтамасыз ету.  

Аймақтық кітапханалар консорциумдары қауымдастығы (АРБИКОН)

http://www.arbicon.ru

АРБИКОН ерікті негізінде мүшелері болған  ресейлік кітапханалар мен ақпараттық орталықтарды біріктірген коммерциялық емес серіктестік болып табылады. АРБИКОН 2002 жылы 18 мамырда тіркелді.

АРБИКОН құрылтайшылары:

Ресей кітап палатасы

Пушкин кітапханасы коммерциялық емес қоры

Санкт-Петербург мемлекеттік политехникалық университеті

Серіктестіктің мақсаты:

қазіргі заманғы кітапханалық-ақпараттық технологияларды енгізу, кітапхана ресурстарын басқаруды жаңғырту негізінде пайдаланушыларға сапалы ақпараттық қамтамасыз етуді көрсетуде ресейлік кітапханаларға жәрдемдесу, бірінші кезекте, жаңа түскен әдебиетті өңдеу кезінде, сондай-ақ, Интернет арқылы қолжетімді болатын қашықтағы кітапханалардың  қорларын жедел пайдалануда жәрдемдесу.

АРБИКОН өзінің негізгі міндеті ретінде кітапханалық қауымдастықтардың әрі қарай дамуын қарастырады.

Мақалалардың аймақаралық аналитикалық тізімі (МАРС)

http://www.arbicon.ru/projects/MARS/

Жоба 2001 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейн ортақ күш-жігермен деректер қорын жасайтын әр түрлі жүйелер мен ведомстволардан тұратын 200-ден астам кітапхананы біріктіреді. Қазіргі уақытта 1700-ден астам журналдар тізімде.

Жобаның ерекшеліктеріне журналдар аналитикалық тізімі, жобаның барлық қатысушыларының тең құқылығы, бірыңғай нормативтік құжаттарды пайдалану және жобаның қолжетімділігі. Кез келген кітапхана бекітілген ережелермен келіссе жобаға қосыла алуы  мүмкін. Еркін деректер қорында толық мәтінді мақалалар жоқ. Бірақ құжаттарды электронды түрде жеткізу жобасы  қатысушы-кітапханаларға өз оқырмандарына мақалалардың электронды көшірмелеріне тапсырыс жасауға мүмкіндік береді.

ЮНЕСКО-ның кітапханалық порталы

http://portal.unesco.org/ci/en/ev.php-URL_ID=6513&URL_DO=DO_TOPIC&URL_SECTION=201.html

Еуропалық Ғылыми Кітапхана Консорциумы (CERL)

http://www.cerl.org/

Халықаралық Кітапханалық Ақпараттық және Талдамалық Орталығы

http://www.iliac.ru/

Кітапханалық қауымдастық пен мекемелердің халықаралық федерациясы (ИФЛА) 

http://www.ifla.org/

Халықаралық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы

http://www.icsti.su/

КІТАПХАНА

Ғылыми – техникалық кітапхана
К.Байсеитова көшесі, 100
Тел. 8 (7242) 27 49 17

Әлеуметтік желілер