Сіз қазір қарап жатырсыз КІТАП FEST – 2022

КІТАП FEST – 2022

Қала күніне орай, кітап оқу, кітапқа деген құштарлықты насихаттау мақсатында «КІТАП FEST – 2022» фестивалі өтті. Іс-шара барысында жазушылармен кездесу, поэзия оқулары, кітап дүкендерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Ғылыми кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, қала тұрғындары мен қонақтарына Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті профессор-оқытушыларының еңбектері және «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында шығарылған кітаптарды таныстыру мақсатында, көркемделген кітап көрмесі ұсынылды.

Шараға Қорқыт Ата Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы-ректор Каримова Бейбіткүл Сәрсемханқызы қатысып, жан азығы болған кітаптың құндылығына тоқталып, осындай игі шаралар жастардың кітапқа қызығушылығын дамытатынын атап өтіп, «Қызылорда оқитын қала» атты букросингке кітаптарды сыйға тартты.

Фестиваль аясында университеттің «Гуманитарлық-педагогикалық» институтының «Шетел тілдері» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Ш.Абадильдаева Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Г.Ш.Рахметованың Алғыс хатымен марапатталды.

Қызылорда қаласының мерейлі мерекесі күніне орай ұйымдастырылған «КІТАП FEST – 2022» фестиваліне қатысып, белсенділікпен атсалысып, рухани құндылықтарды дәріптеп насихаттағаны үшін кітапхана ұжымына Алғыс білдіріп, ғылыми кітапхана директоры Г.Ә.Сатбаева Қызылорда қаласының әкімі А.Шәменовтің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Пікір үстеу