Сіз қазір қарап жатырсыз ТӨЛЕН ӘБДІКТІҢ ПАРАСАТ ӘЛЕМІ

ТӨЛЕН ӘБДІКТІҢ ПАРАСАТ ӘЛЕМІ

📚📔 Гуманитарлық-педагогикалық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының жанындағы «Журналист» үйірмесі мен ғылыми кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Төлен Әбдіктің парасат әлемі» атты интеллектуалды сайыс өтті.

📚📔 Білім алушылар төрт кезең бойынша бақ сынап, жазушы, драматург Т.Әбдіктің шығармашылық әлемі аясында дайындалған сұрақтарға жауап беріп, бейнетуындылар жасап, өздерінің интеллектуалдық қабілеттерін көрсетті.

📚📔 Үйірме жетекшісі аға оқытушы Абдразақова Аякөз Қожамырзақызы білім алушыларға шығармашылық табыс тілеп, алғысын білдірді.

📚📔 Шараға жазушының шығармашылығына арналған арнайы кітап көрмесі жасалды. Кітап көрмесінде жазушының адамгершілікке, ізгілікке толы «Парасат майданы» атты повесі таныстырылды.

📚📔 Шараның мақсаты – кітап оқу деңгейін жоғарылату, кітап мәртебесін көтеру.

Пікір үстеу