Научная библиотека Кызылординского университета имени Коркыт Ата
Выпускникам
Реферат, бақылау, қурстық немесе дипломдық, диссертациялық жұмыстарды орындауға арналған
Кітапхана мүмкіндіктерін толықтай меңгеру үшін кітапхананың пайдалану ережелерімен танысу жеткіліксіз. Кітапхана оқырмандарға кітап қоры бойынша бағыт-бағдар түрлері мен құралдарын ұсынады. Сол себепті кітапханада каталогтар құрылады.
Кітапханалық каталог – бұл кітапханалық қордың құрамы мен мазмұнын ашатын құжаттардың белгілі бір тәртіппен орналасқан библиографиялық жазбаларының жиынтығы.
«Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама: 7.1–2003 МемСТ құрастырудың ортақ талаптары мен құру ережелері» көрсетілген библиографиялық жазбаларды (БЖ) құрудың белгілі тәртібі бар. Библиографиялық жазбалар библиографиялық ақпаратты іздеу мен жариялау мақсатында оны теңестіретін/сәйкестендіретін бағыты, қалыбы, құрамы мен мазмұнын ашатын құжат туралы мәліметтерді қамтитын библиографиялық ақпарат элементі. Библиографиялық жазбалар тақырып атауын, библиографиялық сипаттамасын, топтастыру индекстерін, құжатты сақтау шифрын, қызметтік сипаттама мәліметтерін қамтиды.
Библиографиялық сипаттама аймағы
Библиографиялық жазбаның атауы библиографиялық сипаттаманың алдында тұрады. Онда автордың аты (жеке автордың тақырыбы), ұйымның аты (ұжымдық авторлардың тақырыбы), елдің аты және көрсетілген құжат түрі (форманың тақырыбы) болуы мүмкін.
Библиографиялық жазбаның негізгі бөлігі − библиографиялық сипаттама (БС). Бұл − белгілі бір тәртіпке келтірілген құжат туралы библиографиялық жазбалар жиынтығы. БС атауы – құжаттың идентификацияланған жалпы сипаттамасы. БС нақтылық, дәлдік және толықтық талаптарына жауап береді (сол себепті ол de visu құрастырылады).
БС құрастырылу нысандары кез келген тасымалдауыштарда орналасқан барлық жарияланған және жарияланбаған құжаттар (сондай-ақ, құжаттардың құрамды бөліктері).
Библиографиялық сипаттамалар алдын ала дайындалған дереккөздерден алынады және төменде суреттелгендей, көрсетілген күйінде бейнеленеді.
Библиографиялық сипаттама (БС) саласы нүкте және үтір арқылы бөлінеді (. –). БС элементтеріне дайын библиографиялық тыныс белгілері алынады.
Төленбаев, С.
Қазақтың ою-өрнектері [Мәтін] = Казахские орнаменты / С. Төленбаев, М. Өмірбекова; Орыс тілі мен ағылшын тілінен ауд. Ү.Жамекова.- Алматы: Қазақстан, 1993.- 55 б.
БС құрамына:
БС құрамына: • тақырып және жауапкершілік туралы мәліметтер аймағы;
• басылым аймағы;
• өзгеше мәліметтер аймағы;
• шығу мәліметтері аймағы;
• физикалық сипаттама аймағы;
• топтама аймағы;
• ескерту аймағы;
• стандартты нөмір аймағы (ISBN, ISSN) және қолжетімділік шарттары кіреді.
Сипаттама аймағы – міндетті және қосымша элементтерден тұрады.
БС аймақтарын толығырақ қарастырайық.
Тақырып жазылған аймақ (құжат атауы: тақырып атына қатысты мәліметтер, мысалы: Желілі алгебра: оқу құралы);
Жауапкершілік туралы мәліметтер қиғаш сызық (/) артында бірінші автордың аты-жөні қайталанады және екінші, үшінші автордың аты-жөндері қойылады, адамның аты бірінші жазылады; кейінгі мәліметтер, мысалы: /А. И. Абрамов, Е. В. Кораблев; А. А. Ирвина немесе/В. Новак редакциялығымен; ағылшын тілінен аударылған. Егер үштен көп автор болса, онда бірінші автордың аты-жөні көрсетіледі [т.б.].
Басылым аймағы (мысалы: . – түзетілген, толықтырылған 2-басылым);
Шығу мәліметтері аймағы (қала, кітаптың басылып шыққан жері: баспа атауы, шыққан жылы, мысалы: . – М. : ҰЯЗУ МФЗИ, 2010);
Физикалық сипаттама аймағы (берілген құжат қанша беттен тұрады немесе берілген мақала қай беттерде орналасқан);
Топтама аймағы дөңгелек жақшалармен белгіленеді.
Библиографиялық тізімді дұрыс толтыру
Библиографиялық тізім кез келген ғылыми зерттеулердің қажетті құрылымдық бөлігі: реферат, курстық немесе дипломдық жұмыстардың, диссертацииялардың және т.б. Библиографиялық тізім қандай-да бір тәртіппен орналастырылған баспа шығармалардың немесе олардың құрамды бөліктерінің библиографиялық сипаттамалар тізбесін, автордың тақырыппен жұмыс істеу барысында қолданған дереккөздерін құрайды. Ол негізгі жұмыс мәтінінен кейін орналасады. Әрбір библиографиялық жазба тізімде реттік нөмір алады және қызыл жолдан басталады.
Библиографиялық тізімдерді келесідей ретпен тізімдеуге болады:
• алфавиттік;
• хронологиялық;
• жүйелік;
• тізбектелген (мәтінде жарияланымның алғашқы ескертілу тәртібі) және т.б.
Алфавиттік, яғни библиографиялық сипаттамалардың басылым атаулары мен авторлардың алфавиттік реті бойынша орналасуы (егер автордың тегі көрсетілмеген, немесе авторлардың саны 4 одан да артық болса). Бір автордың жұмыстарын атаулары бойынша алфавит ретімен, ал тегі бірдей авторлардың жұмыстарын – аты-жөнінің бірінші әріптері бойынша ретімен орналастырады.
Бір тізімде әртүрлі алфавиттерді араластыруға болмайды. Шетелдік деректемелер әдетте жазбаша жұмыс тілінде барлық дереккөз тізімдерінен кейін алфавит бойынша орналастырады.
Хронологиялық тәртіпте материал басылым жылдары бойынша, ал әрбір жылда – кітаптардың атаулары мен авторлары бойынша ретімен орналастырылады.
Хронологиялық тәртіп реті қандай да бір сұрақтың меңгерілген тарихын көрсетуге мүмкіндік береді. Кері хронологиялық орналасуы қазіргі заманғы сұрақтың жағдайына басты назар аударылған жұмыстарға арналып ұсынылады.
Әдебиеттерді жүйелі орналастырғанда библиографиялық сипаттамалар білім салалары, жеке сұрақтар, жеке тараулардың бірлескен логикалық тақырыптары бойынша орналасады. Жүйелі бөлімдер қолжазба тарауларымен немесе тақырыптың маңызды мәселелерімен сәйкес дұрыс орналасады. Тақырыпқа түгелдей қатысы бар жалпы сипаттағы әдебиетті ерекше бөлімде ерекшелеген жөн. Мәтінде әдебиеттің бірінші ескерту ретінде орналасуы жиі қолданылады. Дегенмен осындай орналасу тізімді қолдануды күрделендіреді өйткені, оның ішінде қамтылған тақырыпты қарау күрделі, ол бойынша материалда осы автордың жұмыстарына сілтемелер бар екенін тексеру оңай емес. Бұлай құрылған тізім толық болмайды, өйткені мәтінде ескертілген және дәйектелген ғана әдебиет қосылады, пайдаланылған жұмыстарды көрсетілмейді.
Библиографикалық тізімді құру ережесі
1. Библиографикалық тізімде барлық дереккөздердің өтпелі нөмірлері қолданылады.
2. Әдебиеттер тізіміне мәтінде сілтемесі бар барлық материалдар қосылады.
3. Ғылыми жұмыстың әдебиеттер тізімінде ең алдымен ресми материалдар ескеріледі, кейін ғылым классиктерінің жұмыстары, содан соң алфавит ретімен қазақ/орыс тілдерінде жарияланған, отандық және шетелдік авторлардың жұмыстары, сонымен қатар шетел тілінде жарияланған шетелдік және отандық авторлардың жұмыстары жарияланады.
4. Егер бір автордың бірнеше жұмысы дәйектелген болса, олардың тақырыптарын алфавит бойынша орналастырады.
5. Дипломдық және курстық жұмыстар әдебиеттердің библиографиялық тізіміне қосылмайды, өйткені бұл оқу жұмыстары.
6. Мақалаларда сілтемелердің кезектілік реті мақала жарияланатын ғылыми журналда қабылданған ережелермен анықталады.
7. Библиографиялық сипаттамада библиографиялық жазбаға кіретін, сәйкестендіруге және құжаттың жалпы сипаттамасына арналған нақты ереже бойынша келтірілген құжат туралы мәлімет бар.
8. Библиографиялық сипаттамада тыныс белгілері екі функцияны орындайды – дағдылы грамматикалық тыныс белгілері және тыныс белгілерімен жазылған белгілер, яғни библиографиялық сипаттаманың элементтері мен облыстарына арналған тану белгілері бар, белгілер. Элементтер мен облыстарды айқын бөлу үшін, сонымен қатар Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік / Құраст.: Т.Ғабитов, А.Құлсариева. — Алматы: Раритет, 2004.- 320 б.
9. Ерекшелік «нүкте» белгісі мен «үтір» белгісінен кейін жасалады – аралық осы белгілерден кейін қойылады.
10. Библиографиялық сипаттаманың соңында нүкте қойылады (.).
11. Егер кітапта немесе мақалада авторлар үштен көп болса, туынды тақырып атымен жазылады. Қисық сызыққа «/» жауапкершілік туралы мәліметтерде тек бірінші автор көрсетіледі: ең алдымен аты, сонан соң тегі, қалған авторлардың тегі көрсетілмейді, міндетті түрде квадрат жақшамен [] белгіленеді.
12. Туындының библиографиялық сипаттамасы шетел тілінен аударылған туынды қисық сызықтың «/» артында (жауапкершілік туралы мәлімет) автордан кейін үтір нүкте арқылы «;» екі жақтан аралық арқылы аударма қай тілден аударылғаны көрсетіледі, аудармашының тегін көрсетудің қажеті жоқ.
Мысал:
/ Т.Джефферсон; Ағылшын тілінен ауд. С.А. Нұргазиева, В.В.Марков; Кіріспе мақаласын және ескертулерін жазған заң ғылымының д-ры, проф. С.Ф.Ударцев.
13. Екі бірдей басылым бар болса, екеуінде жазып оларды үтір нүкте арқылы бөледі.
14. Журналдағы немесе жинақтағы мақаланың библиографиялық сипаттамасының безендірілуі: автордың аты және тегі, мақаланың атауы, сосын қисық сызықтан кейін мақала авторының тегі қайталанады, бірақ аты-жөнінің бірінші әріптері тегінің алдына, ал артына екі қисық сызық (//) дереккөздің аты (журнал, жинақ, монографиялар және т.б.) қойылады.
Мысалы:
Кәрібозұлы, Б. Ғылым деп соққан жүрек…: Ізденісі үзілмеген университет / Б. Кәрібозұлы // Сыр түлегі.- 2016.- №3(409) қараша.- 2б.
Назаров, Е. Инновациялық әдістер — ел игілігіне / Е. Назаров // Ақмешіт апталығы.- 2016.- 4 қазан.- 3б.
Егер бірнеше авторлар болса, онда сипаттама кітап ережесі сияқты құрылады.
15. Библиографиялық жазбада автордың тегі, ұжымдық автор, кітап пен мақалалардың атауы қысқартылып жазылмайды. Автор, ұжымдық автор, аудармашы, редактор туралы мәліметтер кітаптың негізгі бетінде көрсетілген үлгідегідей жазылады.
16. Қысқарған сөздер мен сөз тіркестерінің ережелері 7.12–93 МЕМСТ келтірілген Библиографиялық жазба. Орыс тілінде қысқарған сөздер. Жалпы талаптар мен ережелер және 7.11–2004 Библиографиялық жазба. Шетел, еуропа тілдерінде қысқарған сөздер мен сөз тіркестері.
Библиографиялық сипаттама мемлекеттік стандартта жазылған ереже бойынша құрылады:
o МемСТ 7.1–2003. Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың жалпы ережелері мен талаптары.
o МемСТ 7.80–2000. Библиографиялық жазба. Тақырып. Құрастырудың жалпы ережелері мен талаптары.
o МемСТ 7.12– 93. Библиографиялық жазба. Орыс тілінде сөздерді қысқарту; МемСТ 7.11–2004. Библиографиялық жазба. Шетелдік, еуропалық тілдерде сөз тіркестері мен сөздерді қысқарту.
o МемСТ 7.82–2001. Библиографиялық жазба. Электронды ресурстарды библиографиялық сипаттау. Құрастырудың жалпы ережелері мен талаптары.
БИБЛИОТЕКА
Ғылыми — техникалық кітапхана
ул. К. Байсеитова, 100
Тел. 8 (7242) 27 49 17