Ғылыми кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Мұстафа Шоқай орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына гуманитарлық-педагогикалық институттың білім алушыларының қатысуымен «ТӘУЕЛСІЗДІК – МӘҢГІЛІК ЕЛ ТҰҒЫРЫ» атты танымдық кеш өтті.
Кеш қонақтары гуманитарлық-педагогикалық институтының оқытушылары — т.ғ.к. Аңсатова Меруерт Нағыметқызы, желтоқсан оқиғасының куәгері, ф.ғ.к. Баялиева Гүлмира Жарылқасынқызы және пед. ғыл. магистрі Ахметбек Бақытжан Мұқарамұлы қатысып, ата — бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, алаш қайраткерлерінің саяси күресі, Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігінің қазақ тарихындағы алатын орны, Желтоқсан оқиғасының қазақ ұлтына әкелген қасіреті, тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымызға жалған айып тағылғандығы, қазақ жастарының билікке қарсы өткізген бейбіт шеруі барысында көрсеткен ерліктері туралы айтып өтті.
Білім алушылар кеш қонақтарына сұрақтар қойып, ой бөлісті.
Кітапхана қызметкері Бекетова Жанар іс-шараға арнайы жасалған кітап көрмесіне шолу жасады.