2020 жылғы 12 қарашада Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку Хонг-сока мырза, Корея Республикасы Елшілігінің бірінші хатшысы О Сангхун мырза, Корея Республикасы Елшілігінің саяси бөлімінің маманы Джанибеков Дулат мырзалар университеттің Ғылыми кітапханасымен танысты.
Қонақтар кітапхананың 5000-нан астам қоры бар, білімнің барлық саласы бойынша құралған сирек кездесетін әдебиеттер бөлімімен танысты. Сирек кездесетін әдебиеттер бөлімінің ең құнды кітаптары қонақтардың басты назарында болды. Атап айтар болсақ: 1760 жылы шыққан ең алғашқы басылымдардың бір «Мысырлықтар туралы ежелгі тарих, қарағандар… және гректер туралы» кітабы, Брокгауз Ефронның 82 томдық «Энциклопедиялық сөздігі» (1890-1906), С.Саблуковтың тікелей араб тілінен орыс тіліне аударған 1907 жылы Қазанда басылып шыққан Құран кітабы, 1914 жылы шыққан «Ресейдің Азиялық Атласы» және т.б.
Қонақтар сирек кездесетін әдебиеттер бөлімінде Қытай таңбаларымен корей тілінде жазылған 27 қолжазбаға аса қызығушылық танытты. Қолжазбалар қолмен, күріш қағазына жазылғандығымен ерекшеленеді.