Scientific library of Kyzylorda University named after Korkyt Ata
Provision of books
Provision of books
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ҚАУЛЫСЫНАН
17 мамыр 2013 жыл №499
Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі. Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана.
Білім беру кітапханаларына арналған нормативті регламенттеуші құжаттар және әдістемелік құралдар. 2012 ж. Жоғары және ЖОО кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру білім алушылардың электронды кітапханаларда орналастырылған, халықаралық дереккөздерді қоса алғанда, кітапхана қорына, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиетке, оқу, ғылыми, ақпараттық деректер қорына еркін қолжетімділік қамтамасыздандырылған.
Студенттердің келтірілген контингентіне шаққанда толық оқу цикліне саны кемінде 140 бірлік басылымнан келетін оқу және ғылыми әдебиет қоры болуы қажет. Бұл ретте қазақ және орыс тілдеріндегі басылымдар оқыту тілдері бойынша оқушылар контингентіне сәйкес болуы тиіс.
Кітапхана қоры әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі пәндер бойынша соңғы 5 жылда; жаратылыстану, техникалық, ауыл шаруашылығы пәндері бойынша соңғы 10 жылда басылып шығарылған негізгі оқу әдебиетін қамтуы тиіс. Мамандықтың («Әскери іс және қауіпсіздік» мамандықтарының тобынан басқа) оқу жоспарының базалық және бейінді пәндерінің сандық жеткізгіштердегі оқу әдебиетімен қамтамасыз етілуі 40%-дан кем болмауы қажет.
Оқу-әдістемелік әдебиеттерге оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік құралдар, дидактикалық, көрнекі құралдар, оқу-әдістемелік әзірлемелер – пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулықтар немесе ұсынымдар, зертханалық, курстық, дипломдық және басқа да жазба жұмыс түрлерін орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар, оқу пәндері бойынша анықтамалық құралдар мен басылымдар жатады.
Жоғары оқу орны кітапханасының ғылыми қоры мамандарды даярлау бағыттары мен мамандықтарына сәйкес келетін зерттеу саласын қамтитын монографиялық, ғылыми және ғылыми-өндірістік сипаттағы кітаптар тізбесін қамтиды.
Ғылыми қорға, сондай-ақ энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар, түсініктемелер, бағдарлама бойынша оқытылатын әдеби шығармалар, нормативтік құқықтық актілер, мерзімді басылымдар, оның ішінде білім беру ұйымдарының хабаршылары, ғылыми еңбектердің, оқыту бейініне сәйкес келетін халықаралық конференциялардың жинақтары кіреді.
Оқу әдебиетінің өз басылымдары оқу құралдарын, оқу-әдістемелік құралдарды қамтиды.
Әдістемелік әдебиеттің өз басылымдары әдістемелік ұсыныстарды, оқу пәндерін оқыту, игеру, оқу жұмыстарының жекелеген түрлерін орындау бойынша нұсқаулар мен құралдарды қамтиды.
ЖОО оқу-ғылыми ақпараттық активтерін жинау, жинақтау, сақтау, шығару процестері білім беру ұйымдары кітапханаларының жұмысы жөніндегі әдістемелік материалдарға сәйкес жүзеге асырылады.
Оқу басылымдарын оқу әдебиетінің білім және саралау көрсеткіштері бойынша әр студент деңгейіне негізделіп сатып алынады:
Жоғары оқу орны кітапханалары үшін:
- 1.Ұсынылған негізгі оқу әдебиеті 1:2
- 2.Ұсынылған қосымша оқу әдебиеті 1:3
- 3.Ой-өрісін өздігінен дамытуға және өзіндік жұмысты орындауға ұсынылған әдебиет 1:4
ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес бекітілген пәндер циклдерінен құрылған және мамандандандыруға (ЖОО профиліне және оқушылардың контингентіне) байланысты кітаппен қамтамасыздандыру қатынасы дифференциялданған болуы мүмкін:
Мамандану ҚР білім беру ісінің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен пәндік циклдердер сәйкестігін кітаппен қамтамасыз ету сараланған және мемлекеттік білім циклімен сәйкес болуы мүмкін:
ҚР мемлекеттік білім беру стандарттарына байланысты кітап қамтамасыз ету (Университеттің профилі және студенттік шартты дифференцияланған пәндер циклдері сәйкес болуы
Курстар | Пәндік циклдер | 1 студентті кітаппен қамтамасыз ету |
I−II | Жалпы гуманитарлық | 1:3 |
| Жалпы білім беру | 1:3 |
| Жалпы кәсіптік | 1:3 |
| Арнаулы | 1:3 |
III−IV | Жалпы мамандандырылған | 1:5 |
| Арнаулы | 1:2 |
V−VI | Арнаулы | 1:3 |
Оқу залдары мен абонементтерде және барлық бөлімдерде оқырман сұраныcтарын қанағаттандыру мақсатында, ғылыми басылымдар мен құжаттардың барлық түрлері, жинақталған.
Оқу қорындағы негізгі оқу басылымдарының қолданыстан шығу дәрежесі ҚР білім беру ісінің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен бекітілген пәндік циклі бойынша белгіленеді:
- Әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық Соңғы 7 жыл
- Жаратылыстану-ғылыми және математикалық Соңғы 10 жыл
- Жалпы кәсіптік Соңғы 10 жыл
- Арнаулы Соңғы 5 жыл
Егер мамандықтарға арналған оқу әдебиеттерінің ғылыми, мәдени және рухани маңыздылығы болса, сондай-ақ оқырмандар тарапынан жоғары сұранысқа ие болса, онда басылған уақытына мән берілмей мерзімсіз сақталады.
LIBRARY
Ғылыми — техникалық кітапхана
100 K. Baiseitova Street
Tel. 8 (7242) 27 49 17