Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлының «МЕНІҢ ДӘУІРІМ, МЕНІҢ СӨЗІМ» атты кітабында Парламент қабырғасында жүріп халықтың мұң-мұқтажына қатысты көтерген күрделі мәселелері, сенатордың қатысуы арқылы қабылданған заңдар, автор куә болған ел Тәуелсіздігінің кешегісі мен бүгінгісі жайлы ойлар осы кітапқа арқау болған.
Бірінші тарауда автордың әр жылдарда еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сараптамалық мақалалары орын алса, екінші тарауда бұқаралақ ақпарат өкілдеріне берген сұхбаттары жарияланған.