Scientific library of Kyzylorda University named after Korkyt Ata

Fund formation

Университет кітапханасы Жоғары оқу орындары кітапханалары үшін әдебиеттерді іріктеу мен ұйымдастыру принциптері, қорды жинақтау әдістемесі, кітаппен қамтамасыз ету жүйесі, қорды зерттеу бойынша жүргізіледі. Кітапханаға баспалардан келіп түсетін тақырыптық жоспарлары мен прайс-қағаздары кафедра оқытушыларына таныстырылады және кафедра меңгерушісінің тапсырысы бойынша жасалып, кітап-сауда мекемелеріне жіберіледі. «Білім беру қызметтерін лицензиялау барысында ұсынылатын талаптармен» (2014 ж. 23 мамырындағы № 538, 2014 ж. 19 желтоқсандағы №1332 ҚР үкіметінің қаулысы). Кафедралар сұранымдардың сапалы және сандық сипаттамасын анықтайды және ҚР БҒМ/ОӘС РОӘК грифімен оқу құжаттарында болуы тиіс. Кітапхана қорына жоспарланып алынатын барлық басылымдар ҚР Мемлекеттік сатып алу Заңына сәйкес.
Кітапхана қоры кітапхананың атқаратын қызметіне сай және оқытушылар мен студенттердің пайдалануына арналып жинақталып, каталогтар мен картотекалар жүйесі арқылы жан-жақты көрсетіледі. Кітап қорын пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында қордың құрамына, ондағы өзгерістер мен пайдалану дәрежесіне талдау жасалады. Оның нәтижесінде кафедра меңгерушілерімен бірігіп мазмұны жағынан ескірген, оқу үдерісінде пайдаланбайтын әдебиеттерді есептен шығарылды.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасы дәстүрлі және электронды нұсқадағы ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Мерзімді басылымдарға «Қазпошта» АҚ каталогы бойынша оқу үдерісіне қажетті басылымдар кафедра меңгерушісі тапсырысымен кітапхана қорына келіп түседі.

LIBRARY

Ғылыми — техникалық кітапхана
100 K. Baiseitova Street
Tel. 8 (7242) 27 49 17

Social networks