You are currently viewing KITAP QALA

KITAP QALA

🌎Алаштың Ақмешіті атанған, қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласының мерейлі мерекесіне орай өткізілген «KITAP Qala» кітап жәрмеңкесіне Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ғылыми кітапханасы да арнайы көрме ұйымдастырып, университеттің тарихы жайлы, профессор-оқытушылардың ғылыми еңбектері, қордағы көркем әдебиеттер мен мотивациялық кітаптар оқырмандар назарына ұсынды.
🌎Жәрмеңкеге Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана, Қызылорда қаласының жоғары және кәсіптік білім беру оқу орындарының кітапханалары, қалалық кітапханалар, жергілікті баспа үйлері қатысып, оқырмандарға дархан даламыздың ұлы ойшылдарынан қалған құнды мұраларымызды насихаттап, кітап мәдениетін қалыптастыруға, әдеби-көркем шығармаларды оқуға шақырды.
🌎Шара қонақтары ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Руслан Рүстемұлы Рүстемов, Наурызбай Сейітқалиұлы Байқадамов, Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Сәбитұлы Ахатов қатысып, Қала күнімен құттықтады.
Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жағыпар Айтбайұлы Тажмаханов жәрмеңкеге белсенді ат салысқан кітапхана қызметкерлерін марапаттады.

Leave a Reply