Вы сейчас просматриваете ЖАҢА КІТАП

ЖАҢА КІТАП

М.Қалауов атындағы Қызылорда қалалық өнер мектебінің, хореография класының мұғалімі Идрисова Асель Бекзатханқызы  “Балалардың кәсіби би шеберлігін дамытудағы Классикалық би” атты әдістемелік нұсқаулығын университеттің кітапхана қорына сыйға берді.

Кітапта «Классикалық би» пәні аясында оқытушылық қызметтің негізгі теориялық және әдістемелік аспектілері, сабақтың музыкалық әрленуі, әдістемелік ұсыныстар, оқыту формалары мен әдістері, дәстүрлі және инновациялық педагогикалық технологиялары қарастырылған. Әдістемелік нұсқаулық кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс істеуді жаңадан бастаған педагогикалық-мамандарға тәжірибеге негізделген «Классикалық би» оқу пәні ретінде қызмет ететініне сенімдіміз. 

Авторға шығармашылық табыстар тілейміз!