Вы сейчас просматриваете 23 сәуір – Ұлттық кітап күні

23 сәуір – Ұлттық кітап күні

📚 «Озық ойлы ұлт болудың төте жолы – кітап оқу» деген Мемлекет басшысы 2024 жылдың 16 шілдесінде Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Ұлттық кітап күнін атап өтуді ұсынып, «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» болып ресми түрде бекітілді. Биыл алғаш рет Ұлттық кітап күні Республика деңгейінде атап өтілуде.
📚 Осыған орай университеттің Студенттер сарайындағы Open space кітапханасында 21-23 сәуір күндері АШЫҚ ЕСІК күні өтеді.
📚 Мақсаты – университет кітапхана қорындағы сирек кездесетін әдебиеттермен, жаңа түскен түрлі саладағы оқу құралдарымен және заманауи мотивациялық кітаптармен таныстыру.
📚 Бүгінгі шараның алғашқы күніне И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің студенттері белсенді қатысты. Кітапхана қызметкерлері шараға арнайы жасалған кітап көрмелеріне библиографиялық шолу жасап, кітапханамен таныстырды. Қатысушылар сирек кездесетін кітаптар қорына, қазақтың төте жазуларына, «Атлас Азиатской России», энциклопедиялық сөздіктерге қызығушылық танытты.

Добавить комментарий