📕 📗 Қызылорда облысының 85 жылдығы қарсаңында, қала күніне орай қалалық мәдениет және спорт бөлімі мен орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «KITAP FEST — 2023» фестивалі өтті. Шараға республикалық, жергілікті баспа үйлері, жоғары оқу орындары мен кәсіптік білім беру оқу орындарының кітапханалары, облыстық, қалалық кітапханалар қатысты.
📕 📗 Шараның мақсаты – кітап оқу, кітап оқу мәдениетін дамыту, кітаптың құндылығын көрсету.
📕 📗 Көрмеге университеттің тарихы, оқытушылардың ғылыми еңбектері, қордағы көркем әдебиеттер мен мотивациялық кітаптар қойылды.
📕 📗 Шараға университетіміздің Басқарма мүшесі-ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор М.А.Бөрібаева қатысып, кітапханашыларға жетістіктер мен шығармашылық жеңістерге жетуге тілектестігін білдірді.
![](https://korkyt-nb.kz/wp-content/uploads/2023/09/Изображение-WhatsApp-2023-09-21-в-14.42.18.jpg)
![](https://korkyt-nb.kz/wp-content/uploads/2023/09/Изображение-WhatsApp-2023-09-21-в-14.43.13-1024x768.jpg)