Ғылым күніне орай, университеттің профессор-оқытушыларының ғылыми еңбектерін және кітапханаға түскен жаңа оқулықтарды насихаттау мақсатында «АҚПАРАТ КҮНІ» университеттің бас оқу ғимаратында бүгіннен бастау алды.
Көрмеге «Экономика және құқық» институтының оқытушылары-ғалымдарының еңбектері және экономика, бухгалтерлік есеп, құқық салаларынан жаңадан түскен әдебиеттер қойылып, мазмұнды ақпараттар берілді.
«АҚПАРАТ КҮНІ» барлық оқу ғимараттарында жалғасын табады.


