Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ғылыми кітапханасы

Студенттерге

Құрметті бірінші курс студенті!

Сіз Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті атанып, Қорқыт ата атындағы кітапхананың қорын қолданып, ақпараттық қызметтерін тұтыну құқығына ие болып отырсыз. Сіздің университетте жан-жақты білім алуыңыз үшін кітапханада өз бетіңізше жұмыс істеуіңзді тиімді ұйымдастыру қажет. Ақпараттардың қайнар көзіне қысқа және тиімді жол табуға осы тарау көмектеседі. Қорқыт ата кітапханасына қош келдіңіз!​

  1. 1. Төмендегіні білу маңызды:​​

– абонементтен әдебиетті үйге алуға болады. Оқу әдебиеті семестрге, ал көркем әдебиеттер 15 күнге беріледі;​

– оқу залында кітапхана қорындағы энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар, мерзімді басылымдар, данасы аз оқулықтар, оқу құралдары мен әдістемелік құралдар сияқты саны шектеулі әдебиеттер орналастырылған, оларды залда қолдануға болады немесе жалғыз данадағы басылым болмаса, 1 күн мерзімге дейін үйге алуға болады;​

– электронды залдарда оқырмандарға электронды каталогтарды, деректер қорын пайдалануды және электронды қорлармен жұмыс істеуді ұсынады.​

  1. Кітапты қолдану мерзімін уақытында ұзартып отырыңыз.
  2. Кітапхана кітабын жоғалтып немесе бүлдіріп алған жағдайда, кітапханаға келтірген зиянның құнын өтеу қажет​. 
  3. Кітапхана бөлімдерінің қайда орналасқанын және жұмыс кестесін біліп алыңыз (Жұмыс кестесі)
  4. Кітапхана қорынан қажетті кітапты қалай табуға және алуға болады.

Қажет әдебиетті университет сайтында орналасқан МегаПРО электронды каталогынан (https://library.korkyt.kz/MegaPro/Web ) таба аласыз

МегаПРО электронды каталогты қашықтықтан пайдалану нұсқасын кітапхана сайтынан көре аласыз (https://korkyt-nb.kz/wp-content/uploads/2021/12/ElBaza.pdf )

КІТАПХАНА

Ғылыми – техникалық кітапхана
К.Байсеитова көшесі, 100
Тел. 8 (7242) 27 49 17

Әлеуметтік желілер