№9 оқу ғимаратынан бастау алған библио-керуенде Жаратылыстану институтының оқытушы-ғалымдары мен білім алушыларына Тәуелсіздік жылдарында жарыққа шыққан ақын-жазушылардың шығармаларымен тереңінен танысып, шығармалар туралы пікір алмасты. Библио-керуенге әр-түрлі жанрдағы 350-ге жуық кітап көрмеге қойылды.
Көрме барысында көркем шығармаларды «МегаПро» бағдарламасы арқылы кітап берілімі жасалып, 50-ден аса әдебиеттер өз оқырманын тапты. Атап айтар болсақ, М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні»; Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз»; Б.Момышұлының «Ұшқан ұя», «Курляндия майданы»; Д.Исабековтың «Гауһартас» кітабы; С.Досжанның «Қасірет пен тағдыр» кітабы; Орхан Памуктың «Менің атым Қырмызы» және тағы да көптеген шығармалар. Сондай-ақ, студенттер QR-код арқылы мобильді кітапханадан шығармаларды жүктеп оқу мүмкіндігіне ие болды.
Тағылымы мол көрмеге белсенді ат салысқан жаратылыстану институтының директоры Қосанов Самалбек Оразбайұлы білім алушыларға рухани әсер алатын осындай шығармашылық шаралардың қажеттілігін атап өтті.
Библио-керуен 9-10 желтоқсан күндері №1 және №5 оқу ғимараттарында жалғасын табады.