Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ғылыми кітапханасы
Кітапхананы пайдалану ережесі
- Жалпы ережелер
1.1 Қорқыт ата атындағы университетінің ғылыми кітапханасы (бұдан әрі қарай – Кітапхана) университеттің оқу үдерісі мен ғылыми-зерттеу қызметінің тақырыптық бағыттары бойынша қорларды қалыптастырады, сақтайды және оларға қол жеткізу мүмкіндігін ұйымдастырады.
1.2 Кітапхана ғылыми, ақпараттық және мәдени-ағартушылық сипаттағы қызметтерді атқарады, университеттегі оқу, оқу-тәрбиелік, ғылыми және инновациялық қызметтерді қамтамасыз етеді.
1.3 Осы Ереже ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2000 ж. 17 қарашадағы № 827 бұйрығымен бекітілген «Жоғары кәсіптік білім беру ұйымының кітапханасы туралы» Үлгілік ережеге; әл-Фараби атындағы кітапхана туралы Ережеге және университеттің нормативтік құжаттарына сәйкес әзірленген.
1.4 Осы Ереже Кітапханада оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың жалпы тәртібін реттейді.
1.5 Қолданушы кітапхана қызметтерін пайдалана отырып, осы ережелермен келіседі
- Оқырмандардың кітапханаға тіркелу тәртібі
2.1 Оқырмандардың кітапханаға тіркелуі, Платонус бағдарламасынан тікелей автоматты түрде жүргізіледі.
2.2 Тіркелгеннен кейін оқырман осы Кітапхананы пайдалану ережесімен танысып, оны қатаң түрде сақтауға міндетті.
- Абонементті пайдалану ережелері
3.1 Абонементтерде әдебиеттерді үйге беру жүзеге асырылады. Сондай-ақ, қолданушылар кітап алуға онлайн-өтінім бере алады.
3.2 Кітапхана қорынан кітаптарды және басқа да материалдарды алған кезде оқырман оларды мұқият қарап шығуы қажет, басылымның қандай да бір ақауы бар екенін байқаса, кітапханашыға көрсетуі қажет, болмаса басылымның ақауы үшін жауапкершілік соңғы пайдаланған оқырманға жүктеледі.
3.3 Қолданушы әдебиетті бір семестрге немесе бір жылға алады.
3.4 Энциклопедиялар, анықтамалықтар, диссертациялар тек оқу залдарында ғана пайдалануға беріледі. Керек әдебиет абонементте болмай қалған жағдайда, оны кітапхананың сайтының басты бетіндегі бөлімнен тауып алуға болады.
- Оқу залын пайдалану ережелері
4.1 Оқу залына келушілерге оқу залының қорында еркін пайдалану режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі. Оқырмандар қажет әдебиетін сөрелерден өз бетінше тауып, қарай алады.
4.2 Қажетті әдебиет оқу залында болмаған жағдайда, қолданушы оны кітапхананың сайтында «Электрондық каталог» деген бөлімдерінен тауып, кітапханашыға тапсырыс беру арқылы алуына болады.
4.3 Жалғыз данадағы әдебиет үйге берілмейді
5.Диссертациялық жұмыстарды кітапханаға тапсыру ережелері
(https://korkyt-nb.kz/wp-content/uploads/2021/12/Bitiruwiler.pdf)
- Кітапхананың электронды залын пайдалану ережелері
6.1 Электрондық зал Интернет желісінің ресурстарына, жазылмалы дерек қорларына және өзіміз қалыптастырған дербес электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігін ұсынады және компьютерлерде орнатылған оқу және ғылыми қызметті бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
- Сыйға келіп түскен кітаптармен жұмыс
7.1 Кітапхана сыйға келесі басылым түрлерін дәстүрлі және электронды түрде қабылдайды:
- оқу және оқу-әдістемелік басылымдар (соңғы 5 жылда шыққан басылымдар);
- ғылыми және ғылыми-көпшілік басылымдар (соңғы 5 жылда шыққан басылымдар);
- көркем альбомдар;
- отандық және шетелдік көркем әдебиет;
- кітапхананың бейініне сәйкес келетін журналдар немесе жиынтықтағы жетіспейтін басылым данасын толықтыруға қажет журналдар;
- сирек, ерекше, құнды категорияларға жататын басылымдар, қолжазбалар
7.2 Сыйға қабылданатын басылымдардың негізгі өлшемдері – өзектілігі, ғылыми, тарихи және көркемділік құндылығы, кітапхана қорын жинақтаудың тақырыптық-типологиялық бейініне сәйкес болуы.
7.3 Кітапхана ұлттық және діни алауыздықты қоздыруға, нәсілдік төзбеушілік, қоғамға жат мінез-құлық және басқа да жағымсыз құбылыстарды насихаттауға бағытталған басылымдарды сыйға қабылдамайды.
7.4 Сыйға берілетін басылымдар Қорқыт Ата атындағы ғылыми кітапхананың Негізгі қорды жинақтау және каталогизация бөлімінде қабылданады.
КІТАПХАНА
Ғылыми — техникалық кітапхана
К.Байсеитова көшесі, 100
Тел. 8 (7242) 27 49 17