Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ғылыми кітапханасы

ПӘНДІК КІТАПХАНАШЫЛАРДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Пәндік кітапханашы – барлық кітапхана қызметтері бойынша кітапхана мен институттар арасында өзара әрекеттесуді жүзеге асыратын өзінің пәндік саласындағы сарапшы. Пәндік кітапханашы – барлық кітапхана қызметтері бойынша кітапхана мен институттар арасында байланысты жүзеге асыратын пәндік сала сарапшысы. Пәндік кітапханашылар өз мамандығы бойынша кітапхана қорын қолдауға және дамытуға, институттардың нақты БББ байланыс орнатуға жауапты.

 Мақсаттары: Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті профессорлық-оқытушылық құрамының оқу және ғылыми-зерттеу қызметін ақпараттық қамтамасыз ету, жарияланымдық белсенділігін арттыруға және кітапхана ресурстары мен қызметтерін алға жылжытуға ықпал ету.

Пәндік кітапханашылардың функционалдық міндеттері: 

— мүмкіндігінше БББ мәжілістеріне қатысу және барлық кітапхана қызметтері бойынша кітапхана мен институттар арасында тікелей және тиімді байланысты қамтамасыз ету;

 — өзінің пәндік саласы бойынша кітап қорын талдай және аша білу;

 — БББ сұранысы бойынша мамандықтар бойынша кітаппен қамтамасыздандыру туралы есеп бере білу;

—  БББ мамандықтарын аккредиттеу кезінде әр мамандық бойынша кітаппен қамтамасыздандыруға қатысты барлық мәліметтерді ұсыну;

 — БББ жаңа кітапханалық қызметтер және жаңадан келіп түскен кітаптар (оқулықтар, мерзімді басылымдар) туралы хабардар ету;

 — жаңа оқу және ғылыми әдебиеттерді алу бойынша кафедралардың БББ өтінімдерін қалыптастыруға ықпал ету және өтінімдерді негізгі қормен ұдайы салыстырып тексеріп отыру;

 — электрондық каталогпен, кітапхана өзі жасақтаған дербес толықмәтінді деректер базасымен, жазылымдық деректер қорымен және кітапханаға қолжетімді басқа да электрондық ресурстармен жұмыс істеу бойынша консультациялық қызмет көрсету және оқытып-үйрету семинарларын/вебинарларын өткізу.

КІТАПХАНА

Ғылыми — техникалық кітапхана
К.Байсеитова көшесі, 100
Тел. 8 (7242) 27 49 17

Әлеуметтік желілер