You are currently viewing ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ

LIGHT STAR OF KAZAKH SPIRITUALITY

📚 📚 Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) ықпалымен 2023 жыл Темірбек Жүргенов жылы болып жарияланды.
📚 📚 Орта Азия мен Қазақстандағы білім, мәдениет және өнерді дамытуға ерекше үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтің өмір жолын, еңбектерін насихаттау мақсатында «ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ» тақырыбында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
📚 📚 Көрменің мақсаты – білім алушыларға Темірбек Жүргеновтің тарихи тұлғасы мен қайраткерлік қарымын танытып, қазақтың біртуар ұлының игі істерін болашақ ұрпаққа жеткізу.
📚 📚 Осы орайда кітапхана қызметкерлері «Жаратылыстану» институтының «Физика және математика» кафедрасының аға оқытушысы А.А.Алмағанбетованың жетекшілігімен физика мамандығының білім алушыларына көрме жанындағы әңгіме өткізіп, кітапхана қорындағы «Шоқтығы биік нар тұлға», «Служение родному народу», «Сыр елі» атты әдебиеттерге шолу жасады.

Leave a Reply