You are currently viewing «KitapTime – 2025»

«KitapTime – 2025»

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының жыл сайын өтетін дәстүрлі «KitapTime – 2025» ІV республикалық кітап фестивалі Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына арналды.
Қала тұрғындарының назарына кітапханадағы жаңа басылымдары мен қызықты жаңалықтарын насихаттау мақсатында «АЛАШТЫҢ АНАСЫ, БАҚЫТТЫҢ ҚАЛАСЫ – ҚЫЗЫЛОРДА» тақырыбында кең көлемді кітап көрмелері ұсынылды.
Іс шараға Қызылорда қаласының оқу орындараның кітапханалары мен қалалық кітапханалар жүйесі қатысты.Фестивальде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Каримова және университеттің ғылыми кітапхана ұжымы Қызылорда қаласы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Leave a Reply