Ғылым күніне орай ұйымдастырылып отырған университет оқытушыларының еңбектері мен кітапхана қорына жаңа түскен әдебиеттерді насихаттау апталығы инженерлі-технологиялық институты, №5 оқу ғимаратында жалғасты.
Кітапхана қоры тау-кен металлургия, геология, құрылыс және басқа да өндірістік салаларды қамтитын жаңа кітаптармен толығып, көрмеге соңғы жылдары түскен оқулықтар, ғылыми басылымдар, университет профессор-оқытушыларының еңбектері қойылды.
Көрмеде білім алушыларға, оқытушыларға кітап оқу, қазіргі электронды кітапхананың мүмкіндіктері туралы ақпараттар берілді.
![](https://korkyt-nb.kz/wp-content/uploads/2022/04/c3ea541d-41a3-4361-8012-043ae8a22315-1024x1024.jpg)
![](https://korkyt-nb.kz/wp-content/uploads/2022/04/dd73c40e-c455-4f4b-91b1-0d3ecc99ecc6-1024x1024.jpg)
![](https://korkyt-nb.kz/wp-content/uploads/2022/04/04838ef8-066a-4aea-b183-f350568df169-1024x1024.jpg)