Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ғылыми кітапханасы

Біз туралы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ғылыми кітапханасы оқу орнының жетекші құрылымдық бөлімі ретінде екі миллионнан асатын көп салалы дәстүрлі басылымдар мен электронды ресурстары бар, заманауи технологиямен және ақпараттық жүйелермен қамтамасыз етілген ақпарат орталығына айналды. Ғылыми кітапхана төмендегідей құрылымдық бөлімдерден тұрады: кітап қорын толықтыру және жүйелеу; электронды ақпараттық ресурстар (қорды цифрландыру, деректер қорын үйлестіру және ақпараттық библиографиялық қызмет көрсету); ақпараттық қызмет көрсету бөлімдері (абонемент, оқу залдары, электронды залдар және сирек кездесетін кітаптар қоры)
Кітапхана қорында мынадай басылым түрлері бар: мемлекеттік және орыс, шет ел тілдеріндегі кітаптар (ғылыми, ғылыми-танымдық, ақпараттық-библиографиялық, ғылыми-техникалық, өндірістік, анықтамалық және көркем әдебиеттер мен оқулықтар, оқу-құралдары), заңнамалық-нормативтік құжаттар, электронды материалдар, мерзімді басылымдар (газет-журналдар) және т.б. Сондай-ақ, отандық, алыс-жақын шет елдік электронды ресурстар дерекқорларына кіру қолжетімді.
МегаПро бағдарламасы арқылы университеттің электронды кітапхана жұмысы толық автоматтандырылған, қашықтықтан пайдалану мүмкіндігіне ие.
Университеттің серверіне қосылған барлық компьютерлер арқылы сыртқы электронды ресурстарды (отандық және шетелдік) онлайн режимінде пайдалану мүмкіндігі бар. Атап айтар болсақ: Әл-Фараби кітапханасы; Әдебиет порталы; онлайн патформа Ашық кітапхана; ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы кітапханасы; Қазақстанның ашық университеті; ағылшын тіліндегі «Эльзевир», «Springer», «Clarivate Analytcs», орыс тіліндегі «Полпредком», және т.б.
Университет кітапханасы республикалық жоғары оқу аралық электронды кітапханасының (www.rmeb.kz) деркетер базасын пайдалану мақсатында 5 жылға (2021-2025 ж.ж.) келісім-шартын ұзартты. 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап отандық «ALEM BOOK» электронды кітапханасының базасын пайдалану үшін 5 жылға келісім-шартқа отырды.
Әлеуметтік желілер арқылы кітапханалық сервисті дамыту бағытында фэйсбук, ВК, инстаграм жеке парақшалармыз жұмыс жасайды.

КІТАПХАНА

Ғылыми — техникалық кітапхана
К.Байсеитова көшесі, 100
Тел. 8 (7242) 27 49 17

Әлеуметтік желілер