Сіз қазір қарап жатырсыз Кітапханаға тарту

Кітапханаға тарту

«Қазақ тілі, әдебиет және журналистика» кафедрасының оқытушысы, ф.ғ.к. Б.Е.Боранбайұлы отандық мұнай саласында зор үлесі бар профессор-ғалым Қ.М.Байхоновтың «Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылаудың негіздері» атты оқу құралын кітапхана қорына сыйға тартты.

Ғалым 1945 жылы 5 қыркүйекте Жаңақорған қыстағында дүниеге келген. 1970-2003 жылдары Жамбыл, Батыс Қазақстан, Алматы облысы және Иемен Халық Демократиялық республикасында гидрогеологиялық экспедициясында қызмет атқарған. 2003-2018 жылдары Каспий қоғамдық университетінде профессор қызметін атқарып жүріп, ғылым жолында бірнеше оқу құралдары жарыққа шыққан.

 Ғалымның бұл еңбегі геологиялық зерттеулердің дамуына қосқан үлесі десек,  университетіміздің «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша білім алушылар үшін де пайдасы зор болатынына сенімдіміз.

  • 2021 жылдың 19 қараша күні профессор, ғалым Байхонов Қалдыбай Мансұрұлы дүниеден озды.