Сіз қазір қарап жатырсыз ХАЛҚЫ СҮЙГЕН ҚАЛАМГЕР

ХАЛҚЫ СҮЙГЕН ҚАЛАМГЕР

📚📚 «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында белгілі жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жыл толуына орай «Open space» кітапханасында гуманитарлық-педагогикалық институтының білім алушылары мен ғылыми кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «ХАЛҚЫ СҮЙГЕН ҚАЛАМГЕР» атты әдеби кеш өткізілді.
📘📗 Кеш барысында оқырмандар назарына жазушы Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған бейнеролик ұсынылды. Қатысушылар «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Махаббат хаты», «Өлгендер қайтып келмейді» шығармаларына талқылау жасап, жазушыға арнау өлеңдерін оқыды. Жазушының шығармашылығына байланысты викториналық ойындар, «Менің атым Қожа» туындысынан қойылымдар жасап, өз өнерлерін ортаға салды.
📚📚 Шараның басты мақсаты- ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу, насихаттау, қоғамда кітап оқу құштарлығын арттыру және өскелең ұрпақты адами қасиетке тәрбиелеу.
📚📘📗 Кеш соңында белсене қатысқан білім алушыларға сыйлықтар беріліп, жазушы шығармашылығынан мол мәлімет беретін «Халқы сүйген қаламгер» тақырыбында дайындалған кітап көрмесі таныстырылды.

Пікір үстеу