You are currently viewing ТӘУЕЛСІЗДІК — ЕЛ ТҰҒЫРЫ

ТӘУЕЛСІЗДІК — ЕЛ ТҰҒЫРЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына «ТӘУЕЛСІЗДІК — ЕЛ ТҰҒЫРЫ» тақырыбында арнайы кең көлемді кітап көрмесі ғылыми кітапханада ұйымдастырылды.

Көрменің басты мақсаты — ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасуы, тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегін кеңінен насихаттау. Кітапханашы Ж.А.Бисенова тәуелсіз Қазақстанның 30 жылда жеткен әлеуметтік-экономикалық, мәдени, халықаралық қатынастарының дамуы жайлы әдебиеттерге шолу жасап, университеттің білім алушыларына көрме жанында әңгіме өткізді.

Көрмеге еліміздің егемендікке жету жолы, мемлекет құру, экономикасы қуатты, саясаты тұрақты, ынтымақшыл ел жасау жолындағы тарихымыз туралы қиын да жарқын сәттерін баяндайтын, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан еліміздің мәдениеті, әдебиеті, қазақ фольклорына байланысты кітаптар қойылды.