Сіз қазір қарап жатырсыз ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ

Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында, М.Шоқай орталығында қазақтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ» тақырыбында әдеби кеш өтті. Шараның мақсаты – ұлы қайраткердің еңбектерін жан-жақты насихаттау, әдеби мұрасымен таныстыру. Іс-шараға «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Болат Елтайұлы қатысып, «Ақымет тағылымы және тіл әуезі» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады, аға оқытушы Уразова Асыл ақынның шығармашылығы жайлы өзінің ой-пікірімен бөлісті. Университеттің білім алушылары Елдес Нұрдәулет Ахмет Байтұрсынов өмірінен көрініс көрсетіп, Нұрлыбай Динара «Маймыл мен көзілдірік» аудармасын, Ілиясқызы Қарақат «Оқуға шақыру», Нәлтай Аружан «Қазақ қалпы» өлеңдерін мәнерлеп оқып, Фазыл Динара өзінің Ахмет Байтұрсынұлына жазған арнауын жеткізді. Кітапхана қызметкері Мухамедчина Жадыра кітап көрмесіне шолу жасады.