You are currently viewing ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫ РЕСУРСТАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫ РЕСУРСТАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

  • Post author:
  • Post category:News

Кітапхана қызметкерлері 24 – 31 қаңтар күндері университеттің «Экономика және құқық» институты мен «Инженерлі-технологиялық» институты оқытушыларына он-лайн және оф-лайн форматта «Оқу үдерісінде электронды ресурстарды тиімді пайдалану» тақырыбында семинар өткізді.

Мақсаты – университеттің оқытушылары мен білім алушылары қашықтықтан оқу технологиясы барысында электронды кітапхана қызметін, отандық электронды кітапханаларды пайдалану жолдарын түсіндіру.

Кітапхана қызметкері Садуақасова Салтанат Жеңісқызы университеттің электронды кітапханасы «МегаПРО» арқылы қажетті әдебиеттерді қашықтықтан пайдалану, тапсырыс беру және әдебитеттердің тізімін жинақтап, шығару, отандық «Alembook» электронды кітапханасы мен Республикалық ЖОО аралық электронды кітапханасын (РМЭБ) пайдалану туралы толық мәлімет берді.