Ғылыми кітапхананың оқу залында 15 қараша – Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күніне орай «Экономика және құқық» институтының «Қаржы» кафедрасы және кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Мамандығым мақтанышым» атты іс-шара өтті.
Шараға «Сбербанк ЕБ» АҚ-ның Қызылорда бөлімшесінің бастығы Айдос Жалгасбаевич Жетпісбай, Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ауыл шаруашылығы және ауылдық аймақтарды дамыту бөлімінің басшысы Мәріп Шәріпұлы Акбар, «Қазақстан ТемірЖолы» АҚ — «Көпсалалы қызмет көрсету орталығы» филиалының бастығы Еркін Сейтжанович Қалдыбаев, «Экономика және құқық» институтының директоры Нұрлан Серікұлы Құлмырзаев, «Тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарды үйлестіру» бөлімінің басшысы Жанар Бимұратқызы және «Қаржы» кафедрасының оқытушылары мен білім алушылары қатысты.
Институт директоры Нұрлан Серікұлы төл теңгенің шығу тарихы, қаржы саласында жұмыс істеп, ақша қаражаттарының дұрыс жұмсалуын қадағалау, қаржы саласын меңгере отырып, ақша қаражаттарымен жұмыс жасай білу әр қаржыгердің бойында болуы керектігі туралы түсінік берді.
Кітапхана қызметкерлері кітапхана қорына жаңадан түскен және қорда бар экономика саласы бойынша әдебиеттерге шолу жасап, электронды кітапхана қызметін пайдалану туралы таныстырды.
Шара соңында 1 курс студенттерін төл мерекелерімен құттықтап, студенттік билеттері табысталды.