Сіз қазір қарап жатырсыз Ұлт тарихын зерделеген ерен еңбек

Ұлт тарихын зерделеген ерен еңбек

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, зерттеуші ғалым, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының құрметті академигі, Педагогикалық білім беру халықаралық академиясының академигі, Қазақстанның Еңбек сіңірген қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Өмірзақ  Озғанбайұлы «Ресей Мемлекеттік Думасы және Қазақстан», «Тарих тағылымы», «Қазақтың шешендігі мен көсемдігі астасқанда», «Жарық жұлдыздар», «Тағзым» атты туындылардан түзілген жинақты университет кітапханасына сыйға берді.

Бестомдық жинақта ел тарихы, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, кішіпейілдік, адалдық, еңбек, тәрбие, парыз сияқты келелі мәселелер көтерілген. Бұл шығармалар оқу үдерісінде кеңінен пайдаланылып, білім алушылардың, жас ғалымдардың және  оқытушылардың рухани кемелденуіне үлесін қосатынына сенімдіміз.

Сондай-ақ кезінде Ресей Мемлекеттік Думасына қазақтан депутат болып сайланған қайраткерлер жайлы мәліметтер алуға болады. Кітап оқырман қауымның көңілінен шығатынына сеніміміз мол.