Сіз қазір қарап жатырсыз АҚПАРАТ КҮНІ

АҚПАРАТ КҮНІ

Инженерлік-технологиялар институтының «Аграрлық технологиялар» кафедрасының білім беру бағдарламаларына сәйкес университеттің профессор-оқытушыларының еңбектері мен кітапхана қорына түскен жаңа оқулықтарды насихаттау мақсатында «АҚПАРАТ КҮНІ» университеттің №4 оқу ғимаратында жалғасты.

Көрмеге «Көлік техникасы және технологиялар», «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Агрономия» және «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиялары» мамандықтары бойынша жаңадан түскен әдебиеттер қойылып, мазмұнды ақпараттар берілді.