Сіз қазір қарап жатырсыз МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР — ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР — ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

🔷 4 маусым — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай, Студенттер сарайындағы «Open space» кітапханасында «МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ» тақырыбында көрме жанында әңгіме өткізілді.🔷 Мақсаты — оқырмандардың Елтаңба, Ту, Әнұранға деген құрметін қалыптастыру.Көрмеге Е.Ш. Шаймерденовтің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері», М.Мәжитовтің «Тәуелсіздік рухымен», М.Жүнісовтің «Егемендік келбеті» т.б. әдебиеттер қойылды. Білім алушылар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы мен маңызы жайлы танысып, өз ойларымен бөлісті.🔷 Кітапхана қызметкері Ж.Н.Бекетова арнайы ұйымдастырылған көрмеге шолу жасады.

Пікір үстеу