Сіз қазір қарап жатырсыз Электронды кітапхананы пайдаланудың тиімді жолдары

Электронды кітапхананы пайдаланудың тиімді жолдары

2020 жылдың 25 қарашасында ғылыми кітапхана қызметкерлері «Дәстүрлі өнер» институтының оқытушыларына қашықтықтан оқыту процесінде «Электронды кітапхананы пайдаланудың тиімді жолдары» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн-вебинар ұйымдастырды.

«Ақпараттық-кітапханалық процестерді цифрландыру» бөлімінің меңгерушісі С.Ж.Сәдуақасова кітапхананың электронды базасын және РМЭБ, КазНЭБ, Қазақстанның ашық электронды кітапханалары және т.б. электронды ресурстарды пайдалану туралы ақпарат берді. Білім беру бағдарламаларына сәйкес оқыту пәндері бойынша әдебиеттерді, электронды ресурстарды іздеу, тізім жасау, толықмәтінді оқулықтарды көшіріп алу жолдарын онлайн түрінде көрсетті.

Пікір үстеу